27 қазан 2016 20:31

Қазақ Географиялық Қоғамы Балхашта жол апатына ұшыраған саяхатшыға көмек көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Қазақ Географиялық Қоғамы" ҚБ © "Қазақ Географиялық Қоғамы" ҚБ

"Қазақ Географиялық Қоғамы" қоғамдық бірлестігі Оңтүстік Африка тұрғыны Дэвид Клинтонғаүйіне Преторияға оралуға көмектесті. Ол Қазақстаннан Африкаға жеткенге дейін жолда 133 күн өткізген. Кеше ОАР-дың "Ubuntu" ұлттық радиосының эфирінде Дэвид Клинтон, Қазақстан Республикасының ОАР-дағы елшісі Талғат Қалиев және ОАР-дың ҚР-дағы елшісі Шириш Сониекі елді біріктірген - Қазақстаннан Оңтүстік Африкаға дейін жалғасқан автомобиль экспедициясы жобасы туралы әңгімелеп берді.


"Қазақ Географиялық Қоғамы" қоғамдық бірлестігі Оңтүстік Африка тұрғыны Дэвид Клинтонғаүйіне Преторияға оралуға көмектесті. Ол Қазақстаннан Африкаға жеткенге дейін жолда 133 күн өткізген. Кеше ОАР-дың "Ubuntu" ұлттық радиосының эфирінде Дэвид Клинтон, Қазақстан Республикасының ОАР-дағы елшісі Талғат Қалиев және ОАР-дың ҚР-дағы елшісі Шириш Сониекі елді біріктірген - Қазақстаннан Оңтүстік Африкаға дейін жалғасқан автомобиль экспедициясы жобасы туралы әңгімелеп берді.

Еске сала кетейік, жер шарын айнала саяхаттап келе жатқан және бес жарым жылдың ішінде 69 елді аралап өткен саяхатшы Дэвид Клинтон Балқаш маңында автомобиль апатына түскен. Қазақ Географиялық Қоғамы Дэвидке бұл жағдайдан шығуға көмектесіп, саяхатшының үйіне оралуын ұйымдастырған. Сұхбат барысында Клинтон экспедиция, жолда болған түрлі қызықты оқиғалар жайлы, қазақстандықтардың оны қалай жылы жүзбен шығарып тастағандығы және үйінде қалай қарсы алғандары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

"Көбі барлығы артта қалғанда мен қазір не сеземін деп сұрайды. Мен маған жетістікке қол жеткізуге көмектескен барлық тараптарға, ең алдымен мені қолдаған Қазақ Географиялық Қоғамы мен барлық қазақстандықтарға алғысымды білдіремін. 6 ай бұрын мен Алматыда болдым және көлігімді жөндеуге қаражаттар жинау үшін Facebook арқылы өзімнің барлық заттарымды саттым. Ал енді тағы 3 құрлықты өтіп, Отаныма аман-есен оралдым. Көкірегімде амалсыздық пен үмітсіздік ұялаған сәттер болды, бірақ мен барлық кедергілерді жеңе отырып, әрқашан мақсатыма жетуге тырыстым. Мен өз жолымда кезіктірген барлық адамдарға қолдау көрсеткендері үшін рақмет айтқым келеді. ҚазГео қоғамының көмегінсіз саяхатым іске аспас еді!", - деді саяхатшы Дэвид Клинтон.

Осы уақыттың ішінде ол 30 000 шақырым жүріп, 33 шекарадан өткен, оның маршруты Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Украина, Польша, Германия, Нидерланды, Бельгия, Франция, Андорра, Испания, Марокко, Батыс Сахара, Мавритания, Мали, Буркина-Фасо, Нигерия, Камерун, Габон, Конго, Ангола және Намибия. Дэвидтің айтуы бойынша соңғы айлардың ішінде оған біршама кедергілерді жеңуге тура келді - шекарадан өту проблемалары, байланыстың жиі болмауы, соғысып жатқан елдер арасындағы қауіпті маршруттар. Саяхатшының тағдырына Қазақстан мен ОАР дипломатиялық миссиясының қызметкерлері сондай-ақ атсалысты, соның арқасында Дэвидтің экспедициясы екі ел арасында мәдени байланыстарды орнатуға арналған болатын.

"Бұл сапар бізге барлығы үшін жақсы өмір жасауға барлығымыз бірге еңбектенгенде мүмкін емес нәрсе – мүмкінге айналатындығын көрсеткендігіне үміттенемін. Осы жоба Оңтүстік Африка, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан адамдарды бір бірімен қатынасуға, бизнестер мен ұйымдарды өзара әрекеттестіруге ынталандыру үшін географиялық тұрғыдан айтарлықтай жақын екендігін көрсетті", - деді Оңтүстік Африка Республикасының ҚР-дағы елшісі Шириш Сони.

"ҚазГео мен "Қазақ Географиялық Қоғамы" ҚБ Қамқоршылық Кеңесінің Төрағасы Нұрлан Абдуов мырзаның жеке  жәрдемдесуінің арқасында Дэвид Маркус Клинтонның Қазақстаннан Оңтүстік Африкаға уақыты мен қашықтығы бойынша нанғысыз саяхаты іс асты", - деді Қазақстан Республикасының ОАР-дағы елшісі Талғат Қалиев.

Қазақ Географиялық Қоғамы мақсаттарының бірі болып, ішкі туризмді дамыту және әлемді тану әдістерінің бірі ретінде саяхаттарды дамытуға жәрдемдесу табылады. ҚазГео қоғамы ОАР саяхатшысына қолдау көрсетуге қуанышты болды.

"Саяхатшы Дэвид Клинтонның отанына ОАР оралуына көмектесу - барлығымыздың адам екенімізді және адамға көмектесу бізге жат қылық еместігін көрсетеді. Жаһангерге көмектесу, оған пана беріп, тамақтандыру – қазақ салтының бір бөлігі. ҚазГео қоғамының, екі ел елшіліктерінің бірігіп күш жұмылдыруының арқасында саяхатшы жүріп өткен барлық жерде Қазақстан жайлы барлығы біледі", - деді "Қазақ Географиялық Қоғамы" ҚБ Президиумының Төрағасы Төлеген Тастанбеков.


Дэвид Клинтонды Қазақстаннан шығарып салу сәті

Дэвид Клинтонның айтуы бойынша, ол қысқа үзілістен кейін саяхатқа шықпақ. 2016 жылдың желтоқсанында саяхатшы Гран-Канария кемесінде Доминиканға круизге аттанбақ. Осыдан кейін саяхатшы картасында жаңа пункттер - Гаити, Куба және, бәлкім Орталық және Оңтүстік Америка пайда болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети