13 қаңтар 2020 13:40

Қазақстандықтар Филиппинде жанартау атқылауына байланысты қалып қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Филиппиндегі Тааль жанартауының атқылауы. © REUTERS Филиппиндегі Тааль жанартауының атқылауы. © REUTERS

Қазақстандық отбасы Филиппинде Таль жанартау атқылауына байланысты қалып қойды. Аспанға бір шақырым биіктікте күл тараған. Ел астанасы - Манила әуежайы жабық, жұртты эвакуациялау шарасы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 


Қазақстандық отбасы Филиппинде Таль жанартау атқылауына байланысты қалып қойды. Аспанға бір шақырым биіктікте күл тараған. Ел астанасы - Манила әуежайы жабық, жұртты эвакуациялау шарасы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 

Ерлі-зайыптылардың айтуынша, олар екі баласымен бірге Боракай аралында демалған және 12 қаңтарда Манилаға ұшып келген. Филиппин астанасынан қазақстандықтар 13 қаңтарда Гонконгқа ұшып, ары қарай Алматыға жетуі тиіс еді.

"Манила әуежайында Тааль жанартауының оянғанына байанысты терминал жұмыс істемейтінін айтты. Барлық рейстер белгісіз уақытқа дейін тоқтатылған. Әуежайда біз 16.00-ден 22.00-ге дейін болдық. Жағдай айқындалмады, сол себепті біз қонақ үйге кетіп қалдық. Гонконг-Алматы рейсіне билеттерді 17 қаңтарға брондауға тура келді. Сондай-ақ, Манила-Гонконг бағытында жаңадан билеттерді 15 қаңтарға сатып алуға тура келді", - деді Нұрбек С.

Ер адам қайта броньдау үшін оларға 600 мың теңге төлеуге тура келгенін атап өтті.

"Әуежайда әзірге ештеңе айтатын емес. Манилада әуе қатынасы қашан ашылатынын айта алмайды, сондықтан 17 қаңтарға дейін Гонконгқа жете аламыз ба деген үрей бар. Олай болмаса, бізге билеттерді тағы да брондауға тура келеді және шығынға батуымыз мүмкін. Рейстер күн сайын емес, сондықтан біз мұнда қанша уақыт болатынымыз белгісіз", - деді Нұрбек.


Тааль жанартауы

Қазақстандықтар Манила әуежайында хаос болып жатқанын айтады. Олардың айтуынша, Филиппин астанасында "байланыс пен Интернет өте нашар екен". 

"Қазір Гонконгқа ұшуды жоспарлап отырған жергілікті әуе желілерінің кеңсесіне барамыз және барлығын анықтап көреміз. Маниладан 15-і ұшамыз деп үміттенемін", - деді ол. 


РИА Новости мәліметінше, Тааль жанартауы жексенбі, 12 қаңтарда биіктігі бір шақырым түтін шығарған. Филиппин жанартау және сейсмология институты жанартаудың атқылауының қауіптілік деңгейін бес баллдық меже бойынша үшінші деңгейге дейін көтерді. Ел билігі 80 мыңнан аса халқы бар Сан-Николас, Балете және Талисай елді мекендерін көшіруге кірісті.


© REUTERS

Манила әуежайы жанартаудан 85 шақырым жерде орналасқан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети