Неміс Германиядан Қостанайға дейін велосипедпен келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Неміс Германиядан Қостанайға дейін велосипедпен келді © Дилара Аронова

Қазақстанға Германиядан велосипедпен саяхаттаушы келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанға Германиядан велосипедпен саяхаттаушы келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Фолькер Штюве Қазақстан-Ресей шекарасын Қостанай облысындағы Қайрақ бекетімен кесіп өтті. Ол Астанаға дейін саяхаттайды. Штюве - энергиямен жабдықтаушы компанияның қызметкері. Ол өз компаниясының қазақстандық өкілі  "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысатынын біліп, Қазақстанды өз көзімен көру үшін туған қаласы Билефельдтен Астанаға дейін велосипедпен жүріп өтуді шешкен.

Фолькер Штювенің бұл алғашқы саяхаты емес. Кәсіби велосипедшілер командасының мүшесі осыған дейін Аустралия мен Үндістанда болып, Нордкаптан Гибралтараға дейін жүріп өткен. Ол Астанаға 4 шілдеде шыққан. Оны жолға 75 жастағы анасы шығарып салыпты.  Фолькердің айтуынша, анасы велосипедті автомобиль деп есептейді. Ол велосипедке деген құштарлық өз отбасына тән нәрсе екенін айтты.

Қазақстан шекарасында саяхатшы сергек көрінді. Ол шекарада жүк көліктерінің көп болғанына таңғалды. Осы демалысты Фолькер Қостанайда өткізеді. Ал аптаның басында Астанаға аттанады. Неміс азамат Астанадан үйіне ұшақпен қайтуды жоспарлап отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети