Атақты құзға өрмелеушісі, Гиннестің рекордтар кітабының рекордшысы Ален Робер Алматыдағы Esentai Tower ғимаратына өрмелеп шықпақ, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.
Атақты құзға өрмелеушісі, Гиннестің рекордтар кітабының рекордшысы Ален Робер Алматыдағы Esentai Tower ғимаратына өрмелеп шықпақ, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.
"Өрмекші адам" бұл жоспарын 23 сәуірде іске асыруға ниетті. Биік ғимараттарды бағындырушы 53 жастағы "өрмекші адам" Алматының ең зәулім нысаны - биіктігі 168 метрлік Esentai Tower-ге өрмелеп шығу үшін Қазақстанға алғаш рет келеді.
Робер әлемдегі ең биік 70-тен астам ғимаратқа өрмелеген. Бағындырған зәулім үйлер арасында IBM-нің бас кеңсесі, Hilton отелі, Куала-Лумпурдегі Петронас мұнарасы, Барселонадағы Торре Агбар ғимараты, Мәскеудегі Ломоносов университетінің бас ғимараты, тағы басқалары бар. Ал, ең соңғы рет наурызда Ален Робер Париждің Дефанс кварталындағы "Тоталь" мұнарасын бағындырды. Биік ғимарат ұшына 45 минутта көтерілген. Әдетте, экстремал зәулім ғимараттарға биліктің рұқсатынсыз, өз бетінше өрмелейді. Осы қылығымен де, әлемнің назарына ілікті.