1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Саяхат

The New York Times 2017 жылы Қазақстанға баруға кеңес береді

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Америкалық The New York Times басылымы 2017 жылы баруға кеңес беретін әлемнің 52 мемлекетін анықтады. Рейтингте 26-орынға тұрақтаған Қазақстан да бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылымның мәліметінше, 2017 жылы Қазақстан астанасында халықаралық EXPO-2017 көрмесі өтеді. Көрменің тақырыбы - "Болашақ энергиясы". Жарияланған материалда Астанада соңғы жылдары ашылған таңғажайып мейманханалардың көптігі айтылады. Сондай-ақ, рейтинг авторы Тянь-Шань тауларын да атап өтті.

Ал рейтингтегі келесі ондықтың ішінде Канада, Чилидегі Атакама шөлі, Үндістандағы Агра қаласы, Швейцариядағы Церматт шипажайы, Ботсвана, Хорватиядағы Дубровник қаласы, Американың Вайоминг штатындағы Гранд-Титон ұлттық саябағы, Мексикадағы Тихуана, Мичигандағы Детройт пен Германиядағы Гамбург бар.