Хеопс пирамидасының үстіне шығып алған неміс турисіне өмір бойына Мысырға кіруге тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хеопс пирамидасының үстіне шығып алған неміс турисіне өмір бойына Мысырға кіруге тыйым салынды © Facebook.com / Andrej Ciesielski

Мысыр билігі "нағыз селфи" жасау үшін Гизадағы Хеопс пирамидасының шыңына шығып алған 18 жастағы неміс турисіне өмір бойына Мысырға кіруге тыйым салды, - деп хабарлайды РИА Новости The Telegraph газетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысыр билігі "нағыз селфи" жасау үшін Гизадағы Хеопс пирамидасының шыңына шығып алған 18 жастағы неміс турисіне өмір бойына Мысырға кіруге тыйым салды, - деп хабарлайды РИА Новости The Telegraph газетіне сілтеме жасап.

"Мысырдың ежелгі заман істері жөніндегі министрлігі Германияның 18 жастағы азаматы Андре Чисельскиге өмір бойына елге кіруге тыйым салу туралы шешім шығарды, ол Гизадағы биіктігі 139 метр болатын Хеопс пирамидасының шыңына шығып, заңды бұзған", - деп жазады басылым. 


© Facebook.com / Andrej Ciesielski

Турист пирамидаға шығып, селфи жасағысы келген екен. Осыған дейін ол Нью-Йорк пен Гонконг қалаларындағы зәулім үйлердің үстінен селфи жасаған болатын. Ол пирамидаға шығып бара жатқан кезде төмендегілер араб тілінде айғайлап, кейін полиция шақырған. 

Айта кетейік, Мюнхен тұрғыны оңай жазамен құтылды, себебі Мысырда мұндай заңбұзушылық жасаған адам үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады.


© Facebook.com / Andrej Ciesielski

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети