Ақ үй Сәуле Омарованы банктерді реттеу басшысы қызметіне ұсынды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақ үй Сәуле Омарованы банктерді реттеу басшысы қызметіне ұсынды

Ақ үй конгресс сенатының қарауына 55 жастағы Сауле Омарованың кандидатурасын ақша айналымын бақылаушы басқармасының (Comptroller of the Currency) басшысы лауазымына тағайындау туралы ұсыныс жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақ үй сайтына сілтеме жасап.

"Сенатқа Нью-Йорктен Сәуле Омарованы АҚШ-тың қаржылық бақылау басқармасының (Comptroller of the Currency) басшысы лауазымына бес жыл мерзімге тағайындау туралы ұсыныс жіберілді", - делінген хабарламада.

Currency Comptroller Office (OCC) - АҚШ қаржы департаментінің тәуелсіз бөлімшесі, сондай-ақ, елдегі банк секторының негізгі реттеушісі. Ол шамамен 14 триллион долларлық жиынтық активі бар 1200 банкті  бақылайды, бұл - елдің банк жүйесінің үштен екісі.

Сәуле Омарова қаржылық бақылау басқармасының басшысы лауазымына бекітілсе, 1863 жылы құрылған басқарманы басқаратын бірінші әйел болады.

Сәуле Омарова - Корнель университетінің банктік құқық профессоры, ММУ (1989), Висконсин университетінің (1999) және Солтүстік-Батыс университетінің (2001) түлегі, заңтану докторы дәрежесін үздік қорғаған. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Bloomberg және The Wall Street Journal басылымдары Омарованың криптовалютаға қатысты сынымен танымал екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети