27 сәуір 2014 | 15:39

АҚШ Филиппинде өз әскерін көбейтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вашингтон мен Манила Филиппинде америкалық әскери контингентті көбейту жөнінде шартқа қол қояды, - деп хабарлайды РИА Новости шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Вашингтон мен Манила Филиппинде америкалық әскери контингентті көбейту жөнінде шартқа қол қояды, - деп хабарлайды РИА Новости шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Ассошиэйтед Пресстің хабарлауынша, құжатқа 28 сәуірде АҚШ Президенті Барак Обаманың Манилаға сапары барысында қол қойылады. 10 жылға арналған келісімге сәйкес, Филиппин аралдарына уақытша әрі ротация негізінде АҚШ-тың қосымша әскери күштері орналасады. Жергілікті билік өкілдері арасындағы ақпарат көзінің мәліметінше, Филиппин базасына Американың жойғыш ұшақтары мен әскери кемелерін орналастыруға да құқық беріледі. 

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Филиппин аумағына жергілікті қарулы күштердің контртеррористік дайындықтарына жәрдем беру үшін 2002 жылдан бері АҚШ-тың жүздеген жауынгері жиі келіп тұрады. Былтыр Филиппин билігі алдағы бес жыл ішінде қарулы күштерді жаңарту бағдарламасына 1,74 млрд доллар аударатынын мәлімдеген болатын.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети