АҚШ Иранда Израильмен бірлескен операция басталғаннан бері қаза тапқан және жараланған әскери қызметшілердің санын жариялады. Тиісті деректерді Пентагон мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, "Эпикалық қаһар" операциясы басталғалы бері 365 америкалық әскери қызметші жараланған. Оның ішінде 247 құрлық әскері, 63 матрос, 19 теңіз жаяу әскері және 36 ұшқыш бар.
Қаза тапқандар саны 13 адам: жетеуі ұрыс қимылдары кезінде, алтауы Кувейттегі Иранның әуе соққысынан қаза тапса, тағы бір сарбаз Сауд Арабиясында алған жарақаттарынан көз жұмды.
Бұл көрсеткішке жұма күні Иран күштері атып түсірген немесе зақымдаған АҚШ әскери ұшақтары экипаж мүшелерінің кіретін-кірмейтіні әзірге белгісіз.
Еске салайық, 3 сәуірде кешке Иран әскерилері АҚШ-тың Парсы шығанағына құлаған А-10 ұшағын атып түсіргенін хабарлады.
Бір апта бұрын Иран АҚШ-тың ұшағын жойып жіберді, оның құны 500 миллион доллар еді.