Бостондағы терактіге қатысы бар деп айыпталған ағайынды Джохар мен Темірлан Царнаевтарға қару сатты деген күдікпен 21 жастағы Стивен Силва қамауға алынды, - деп хабарлайды Boston Globe басылымы. Ұсталғанға есірткі саудалады және зауытта басылған нөмірі өшірілген қаруға иелік етті деген айып тағылып отыр.

Басылымның мәліметінше, Стивен Силва теракт болғаннан кейін арада бірнеше күн өткенде Бостон маңында полиция қызметкері атып өлтірілген тапаншаны ағайынды Царнаевтарға сатты деп айыпталуда. Полиция қызметкерімен арада болған атыстан кейін Тамерлан Царнаев ауыр жарақаттанғандықтан көп ұзамай көз жұмған болатын. Алайда Силваның адвокаты оның ұсталуы дәл осы терактіге байланысты немесе еш қатысы жоқ деп нақты кесіп жауап бере алған жоқ.
Силва Царнаевтармен бір сыныпта оқыған және оның сыңары да ағайынды Царнаевтармен бір сыныпта ғана емес, сонымен қатар Дартмуттағы Массачусетск университетінде де бірге оқығаны белгілі болып отыр.
Еске саламыз, 2013 жылы сәуір айында Бостонда өткен марафон кезінде теракт болған еді. Ол кездегі екі жарылыста үш адам қайтыс болып, 260-тан астам адам түрлі дәрежеде жарақаттанған. Сол уақытта жарылысқа қатысы бар деген күдікпен ағайынды Джохар мен Тамерлан Царнаевтар құқық қорғаушылардың назарына іліккен. Ал полициямен арада болған қарулы қақтығыс кезінде Джохар жарақаттанған. Оған 30 пункт бойынша айып тағылса да, ол айыптаулардың бірде-бірін мойындай қойған жоқ.