16 мамыр 2015 | 10:29

Алқа соты Джохар Царнаевты өлім жазасына кесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та алқа соты Джохар Царнаевты 2013 жылы сәуір айында Бостондағы марафон кезінде лаңкестік жасағаны үшін өлім жазасына кесті, - деп хабарлайды РИА Новости. Үкім 15 мамырда Бостон сотында оқылды.


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-та алқа соты Джохар Царнаевты 2013 жылы сәуір айында Бостондағы марафон кезінде лаңкестік жасағаны үшін өлім жазасына кесті, - деп хабарлайды РИА Новости. Үкім 15 мамырда Бостон сотында оқылды.

Джохар Царнаев қарастырылып отырған 17 ең жоғарғы жазалау шарасының алтауы бойынша жазаға кесілді. Үкім оқылып жатқанда сот залында қаза тапқандардың туыстары мен шабуыл кезінде зардап шеккендер болды.

Тілшілердің айтуынша, сот залында үкім оқылғаннан кейін тыныштық орнады. "Царнаев жұтынды, саусақтарымен шашын тарады. Адвокат Мириам Конрад қолымен аузын жауып, терең тыныс алды", - дейді сот залынан CBS арнасының тілшісі.

Судья Джордж О'Тул алқа сотына алғыс айтып, оларды "болашақтың алқасы сотының моделі" деп атады. Сонымен қатар, ол оларға сұхбат беруге рұқсат етіп, барлық сот отырысы кезіндегі тыңдаудың жазбаларын өшіруді тапсырды. 

13 мамырда Джохар Царнаевқа арналған жазалау шарасының бірнеше аптаға созылған тыңдауы аяқталған еді. 14 және 15 мамырда алқа соты талқылауды жалғастырып, 15 сағат бойы келісімге келді. 

Еске сала кетейік, Джохар Царнаев ағасы Тамерланмен бірге 2013 жылғы Бостон марафоны кезінде жарылыс ұйымдастырып, оның салдарынан үш адам қайтыс болған еді, тағы 260 адам жарақат алды. Ал Джохар Царнаев полицияның арнайы іс-қимылы барысында қолға түсіп, оған 30 пункт бойынша айып тағылды. Олардың 17-сі бойынша өлім жазасы қарастырылған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети