Америкалық танымал тележүргізуші қазақтың тағамдарын сүйіп жейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық танымал тележүргізуші қазақтың тағамдарын сүйіп жейді Эндрю Зиммерн. ©Minnesotakonnected.com

Америкалық танымал тележүргізуші, "Жабайы тағамдар" бағдарламасының авторы Эндрю Зиммерн Қазақстанға келіп, қазақтың ұлттық тағамдары жайлы пікірін бөлісті, - деп хабарлайды Arizona Daily Star

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық танымал тележүргізуші, "Жабайы тағамдар" бағдарламасының авторы Эндрю Зиммерн Қазақстанға келіп, қазақтың ұлттық тағамдары жайлы пікірін бөлісті, - деп хабарлайды Arizona Daily Star

Айта кетейік, бағдарламаның сегізінші маусымының премьерасы дүйсенбі күні, 13 сәуірде шығарылады және ол Қазақстанға сапар жайлы болады. Бағдарламаның анонсында тележүргізуші Қазақстан жайлы айтып жатып, қойдың миын, жылқының етін жегенін, шұбат ішкенін хабарлады. Жүргізуші Қазақстанда жануардың ішегіне ет салынатынына қатты таңғалғанын да жасырмады. 

"Мен Қазақстанда фантастикалық тағамдар жеп көрдім. Олар жылқыны сойып, жануардың ішегіне етті салады (...) Біз тауда болдық, атқа міндік. Өз қолымда бүркітті ұстадым, бұл өте ұлкен құс, ол қоянды көріп қалып, ұстап алды. Бұл таңғалатын шеберлік. Біз өзеннің жағалауында қоян жедік, бастапқыда мен оның терісін сыпырдым, содан кейін ашық отқа күйдірдім. Дұрыс істедім бе, білмеймін, бірақ тырыстым", - деді америкалық жүргізуші. 

Сонымен қатар, ол қазақтың ұлттық тағамы - асылған ет туралы пікірін айтты. Шетелден келген қонақ бұл астың қалай дайындалатынын дәптеріне жазып алған сияқты. "Бұл тағам жылқының етінен және қамырдан жасалады. Қазақтар онда пияз қосады. Маған тағам ұнады, мен бұл тағамды ұнатып қалдым", - деді Эндрю Зиммерн. 

Зиммерннің Қазақстанда түскен суреті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course up  603.27  course up  6.41  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети