Америкалық келіншек блогын дамыту үшін өз ұлын өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық келіншек блогын дамыту үшін өз ұлын өлтірді Лэйси Спирс ұлы Барнетпен. ©13wmaz.com

АҚШ-та блогының танымалдылығын арттырғысы келген келіншек өз баласын өлтірген. Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Metro.co.uk. Нью-Йорк қаласының 27 жастағы тұрғыны Лэйси Спирс өзінің бес жасар баласы Гарнетке көп мөлшерде тұз беріп, өз блогында "құпия дерт" жайлы жазды.  

Судья Роберт Нири сотталушының өз баласына аяушылық көрсетпегенін мәлімдеді. "Ең ауыр жазаны тағайындамай тұрып, мен сіздің өз балаңызға көрсетпеген қасиеттің сапасы жайлы айтқым келеді - қайырымдылық", - деді ол. "Сіздің қылмысыңыз өте ауыр. Қалайша ана өз баласына қатігез және адамгершіліктен ада бола алады?", - деп сұрады судья. Прокурордың көмекшісі Дорин Ллойн ананың өз баласын өзіне назар аудару үшін өлтіргенін мәлімдеді. "Ол кісі өлтіру үшін тамақтандыру түткішесін қолданды. Гарнет Спирс қазіргі уақытта мектепте болуы керек. Бірақ ол енді ол жаққа бармайды, себебі оны анасы өлтірді", - деді ол.

Тергеу мәліметінше, өз баласын өлтірген әйел Мюнхгаузеннің синдромымен ауырады. Бұл синдром өзге адамның жағдайын жасау үшін оған медициналық проблемалар ойлап табу деп түсіндіріледі. Сонымен қатар, қайтыс болған баланың әкесінің жоқ екені, оның жол-көлік оқиғасынан қаза тапқаны белгілі болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети