АҚШ Орталық Азияға әскери көмекті азайтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ Орталық Азияға әскери көмекті азайтты ©Аsker.kz

АҚШ Орталық Азия мемлекеттеріне, оның ішінде Қазақстанға қайтарымсыз әскери көмек көлемін 50 есеге дейін қысқартты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Eurasianet.org сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ Орталық Азия мемлекеттеріне, оның ішінде Қазақстанға қайтарымсыз әскери көмек көлемін 50 есеге дейін қысқартты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Eurasianet.org сілтеме жасап.

АҚШ Орталық Азия елдеріне әскери көмек беруді қысқартатыны туралы Пентагонның судьясы соңғы уақытта жасаған есебінде мәлімдеген. Онда "Әскери шығындар туралы" заңның 1004-бабына сәйкес, АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі шетелдік қауіпсіздік күштерін жабдықтау мен оқыту, есірткі саудасына қатысты бағдарламаға тарту туралы бастамасы көзделген.

2012 жылы Пентагон Орталық Азияны, оның ішінде Қырғызстан мен Тәжікстанды басымдық берілген аймақ ретінде таныпты. Соған қарамастан, 2012 жылмен салыстырғанда бүгінде Орталық Азия аймағына көмектесу көлемінің азайғаны айқын аңғарылып отыр. .

Мәселен, олардың қайтарымсыз әскери көмек көлемі Қазақстанға 8,7 млн-нан 187 мың долларға, Қырғызстанға 21,3 млн доллардан 1,2 млн долларға, Тәжікстанға 15,4 млн доллардан 1,1 млн долларға, Өзбекстанға 5,7 млн доллардан 156 мың долларға дейін азайған.

Сараптама бойынша, америкалық әскери көмектің сомасы соңғы жылдары күрт ауысып отырған. Мұндай көмек әскери сала бойынша ғана емес, негізінен қауіпсіздік қызметіне бағытталған. АҚШ Тәжікстанға 2008 жылы 17 млн доллар көлемінде көмек берсе, 2009 жылы оның мөлшері 1,3 млн доллар шамасында болған. Ал 2010 жылы оның көлемі қайта өсіп, 15,6 млн долларға жеткен. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети