АҚШ қауіпсіздік қызметі 193 елде тыңшылық ете алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ қауіпсіздік қызметі 193 елде тыңшылық ете алады ©REUTERS

Сот АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агентігіне 193 елден барлау мәліметтерін жинауға рұқсат берді, - деп жазады The Washington Post агенттіктің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден ұсынған құжатарға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агентігіне 193 елден барлау мәліметтерін жинауға рұқсат берді, - деп жазады The Washington Post агенттіктің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден ұсынған құжатарға сілтеме жасап.

Арнайы қызметтерге шетелдік барлау қызметтерін бақылау жөніндегі соттан (Foreign Intelligence Surveillance Court) рұқсат алған. АҚШ барлауға рұқсат алған 193 елдің арасында Қазақстан да бар. Сонымен бірге, америкалық құпия қызметтер Бүкіләлемдік банк, Халықаралық влюта қоры, Еуроодақ, МАГАТЭ сияқты ірі ұйымдардың қызметін де бақылайтын болады. Дегенмен құжатта "соттың рұқсаты америкалық барлау қызметі аталған елдердің барлығында барлау шараларын еркін жүргізе береді деген сөз емес" делінген.

АҚШ ҰҚА өкілдері Сноуден ұсынған мәліметтерге қатысты түсінік беруден және оның нағыз құжат екенін растаудан бас тартты. Есесіне, америкалық барлау қызметінің бұрынғы мамандары аноним түрде жауап берді. "Америка Құрама Штаттарымен тату елдердегі гуманитарлық дағдарыс жағдайында әскерилерге қысқа мерзімде барлық америкалықты түгел көшірудің қандай қиын жағдай екені түсінікті. Егер ол ел аталған тізімде жоқ болса, АҚШ ҰҚА қажетті мәліметтерді заңды түрде жинай алмайды", - дейді бұрынғы қызметкерлердің бірі.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети