АҚШ сенаты Ресейге қарсы санкцияны күшейтуді сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ сенаты Ресейге қарсы санкцияны күшейтуді сұрады

АҚШ президентіне Ресейге қарсы қолданылып жатқан санкцияны күшейту туралы өтініш білдірілді, - деп хабарлайды BBC Russian. Мұны АҚШ сенатының халықаралық істер жөніндегі комитет басшысы Роберт Менендес сұраған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президентіне Ресейге қарсы қолданылып жатқан санкцияны күшейту туралы өтініш білдірілді, - деп хабарлайды BBC Russian. Мұны АҚШ сенатының халықаралық істер жөніндегі комитет басшысы Роберт Менендес сұраған.

Саясаткердің пікірінше, Ресей экономикасының бірқатар секторына қарсы қосымша санкция шаралары "Украиндағы Ресей Федерациясының жауластық, тұрақсыздық әрекеттеріне" байланысты қолданылуы тиіс. Менендес ресейлік билік Украинадағы қауіпсіздік күштеріне шабуылдап жатқан Украина ішіндегі сарбаздар отрядын қоздырып, қолдап, жарақтандыруды жалғастыруда деп атап өтті.

Ресейге қарсы қосымша санкцияларды қолдануға байланысты ұсынысын сенатор Украинаға ресейлік танктердің енуін жазалау үшін қажет деп түсіндіреді. Бұл, саясаткердің пікірінше, "шиеленісті қоздыруды білдіреді және ол халықаралық қауымдастық тарапынан елеусіз қалмауы тиіс".

"Мен әкімшілікті қолда бар билігін қолдануға Ресей экономикасының қаржы, энергетика, тау-кен, металл өндірісі, инженерлік және қорғаныс сынды бірқатар секторында жұмыс істейтін тұлғаларға қарсы санкция енгізуге шақырамын" деген Обамаға жазылған Менендестің хатында. Сонымен қатар ол Ресейге қарсы бұл қосымша санкция шараларын "жеңілдік" мерзімінен соң, яғни америкалық кәсіпкерлер ондағы ісін зиян шекпейтіндей етіп ыңғайлап, оңтайластырғаннан кейін енгізуді сұраған. Алдында АҚШ пен Еуропалық одақ Ресейдің бірқатар жекелеген тұлғалары мен компанияларына қарсы санкция енгізген болатын.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети