АҚШ-та соңғы 25 жылдағы ең жойқын зілзала болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та соңғы 25 жылдағы ең жойқын зілзала болды Калифорния штатының Напа қаласындағы жер сілкінісінің салдары. ©REUTERS/Stephen Lam

Американың Калифорния штатында магнитудасы 6,1-гең тең жер сілкінісі болып, 87 адам зардап шекті, - деп хабарлайды ABC телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Американың Калифорния штатында магнитудасы 6,1-гең тең жер сілкінісі болып, 87 адам зардап шекті, - деп хабарлайды ABC телеарнасы.

Жер сілкінісі Напа қаласынан 9 шақырымдағы каньондар ауданында болды. Зілзала ошағы 10 шақырым тереңдіктен анықталды. Негізгі дүмпуден соң 10-ға жуық афтершок болған. Телеарнаның мәліметінше, түрлі деңгейде жарақат алған 87 адам ауруханаға қаралды. Екі ересек адам мен бір баланың жағдайы ауыр.

Напа қаласының өртсөндірушілері жер сілкінісінің салдарынан болған алты өртті залалсыздандырды. Жерасты дүмпулерінің салдарынан 15 мыңға жуық үй жарықсыз қалды. 

АҚШ-та мұндай жойқын зілзала соңғы 25 жылда тұңғыш рет тіркеліп отыр. 1989 жылы Сан-Францискодағы алапат жер сілкінісі кезінде тоғыз адам қайтыс болып, тағы жүздеген тұрғын жарақат алған еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети