Царнаев бір адамдық камераға ауыстырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Царнаев бір адамдық камераға ауыстырылды © Art Lien

Джохар Царнаев ең қатаң режимдегі түрмеге ауыстырылды, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Джохар Царнаев ең қатаң режимдегі түрмеге ауыстырылды, - деп хабарлайды РИА Новости

Түрме Колорадо штатындағы Флоренс қаласында орналасқан. Ең қатаң режимдегі федералдық түрме 1994 жылы ашылған. Ол тек 490 адамды ұстауға арналған. Түрме Флоренстегі Федералдық түзету кешендерінің бір блогы. Әр блоктағы күзетшілердің деңгейі әртүрлі. Түрменің ішіндегі әр адам туыстарына бес минуттан айына екі рет қоңырау шала алады. Ал олардың хаттары мекеме қызметкерлерінің тексеруінен кейін жіберіледі.

Boston Globe мәліметінше, Царнаев ені 2,1 метр, ұзындығы 3,7 метрлік бір адамға арналған камерада күніне 23 сағат өткізеді. Камера болат есік пен тормен жабылған.

Еске сала кетейік, сәуір айының басында Царнаев 2013 жылдың сәуірінде болған, 3 адам қаза тауып, 260 адам жарақат алған Бостон марафонындағы жарылыс үшін кінәлі деп танылды. 15 мамырда алқа соты оны қарастырылып отырған 17 ең жоғарғы жазалау шарасының алтауы бойынша өлім жазасына кесті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети