Автралиялық боксшы Дэниэл Гил өзінің кезекті қарсыласы, қазақстандық боксшы Геннадий Голвкиннің әлсіз жері мен мықты тұсын айтап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Автралиялық боксшы Дэниэл Гил өзінің кезекті қарсыласы, қазақстандық боксшы Геннадий Голвкиннің әлсіз жері мен мықты тұсын айтап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Автралиялықтың пікірінше, Геннадий Головкиннің аяғы мен қолы жылдам қимылдағанымен, қорғанысқа аса мән бере бермейді екен. "Оған тигізу қиын шаруа емес, неге десеңіз ол көбіне өзінің қатты соққыларына сенеді. Головкин өзінің соққылары қарсыластарын есеңгіретіп тастайтынын білгендіктен, қорғанысты кей уақытта естен шығарып алып жатады", - деді Дэниэл Гил.
Еске саламыз, WBA және IBO версиясында суперчемпион Геннадий Головкин өз атағын кезекті рет қорғап қалу мақсатында шілденің 26-ы күні шаршы алаңға шығатын болады. Әлемнің бұрынғы чемпионы Дэниэл Гилмен ол 20 мың орындық Madison Square Garden аренасында жұдықтаспақ. Қазақстандық боксшы кәсіби бокста шаршы алаңға 29 мәрте шығып, соның барлығында жеңіске жетсе, 26 кездесуді уақытынан бұрын аяқтаған. Головкин WBA версиясында чемпиондық атағын осымен 11 мәрте қормақ.
Бұған дейін Головкиннің командасы Гилмен кездеспес бұрын тағы бір автралиялық боксшы Джарродом Флетчермен жұдырық түйістіруді көздеген. Ал Гил болса мамырдың соңында британдық Мэттью Маклинмен қолғап түйістіруі керек-тін. Ол уақытта жұдырықтасу кешінің ең басты ойыншысы Майк Перес жарақат алып қалғандықтан кеш кейінге шегерілген еді. Сол кеште Геннадий Головкин кіші-Хулио Сезар Чавеспен қолғап түйістіруі керек болған. Алайда уақыт таяғанда Хулио Сезар Чавес Геннадиймен бокстасудан бас тартқан еді.