Нашақорлық Голливуд жұлдызының түбіне жетті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Филип Сеймур ХоффманТрумен Капоте рөлінде Филип Сеймур ХоффманТрумен Капоте рөлінде

Атақты америкалық актер Филип Сеймур Хоффманның өлі денесі өзінің Нью-Йорктегі Манхеттон ауданындағы пәтерінен табылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz Fox News телеарнасына сілтеме жасай отырып. Әртістің мәйітін жексенбі күні оның досы тауып алып, полицияға хабар берген. Құқыққорғау органдарының қызметкерлері хабарлағандай, Хоффман нашаны шамадан тыс көп мөлшерде пайдалану себебінен қайтыс болған. 46 жасар актер жуынатын бөлменің еденінде жатқан жерінен табылған. Оның жанында бос шприц және қолында ине болған. Тергеушілердің пайымдауынша, атақты әртіс героинның аса күшті түрін пайдаланған. Соңғы екі аптада АҚШ территориясында героиннің осындай түрін шамадан тыс пайдаланған ондаған адам өмірлерімен қош айтысқан. Филип Сеймур Хоффман 2006 жылы "Капоте" фильміндегі үздік ер адам рөлі үшін "Оскар" жүлдесіне ие болған. Сондай-ақ ол "Алтын глобус", BAFTA, секілді бірнеше киномотографиялық марапаттардың иегері. Актер жас кезінде нашақорлық дертінен емделген болатын. 2013 жылдың мамыр айында героин қабылдап қойғандықтан қайта реабилитациялық курстан өткен. Хоффманның соңында жары және үш баласы қалды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro