Нашақорлық Голливуд жұлдызының түбіне жетті

03 Ақпан 2014, 09:49
0
Нашақорлық Голливуд жұлдызының түбіне жетті - Филип Сеймур ХоффманТрумен Капоте рөлінде
Филип Сеймур ХоффманТрумен Капоте рөлінде
Атақты америкалық актер Филип Сеймур Хоффманның өлі денесі өзінің Нью-Йорктегі Манхеттон ауданындағы пәтерінен табылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz Fox News телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Әртістің мәйітін жексенбі күні оның досы тауып алып, полицияға хабар берген. Құқыққорғау органдарының қызметкерлері хабарлағандай, Хоффман нашаны шамадан тыс көп мөлшерде пайдалану себебінен қайтыс болған. 46 жасар актер жуынатын бөлменің еденінде жатқан жерінен табылған. Оның жанында бос шприц және қолында ине болған.

Тергеушілердің пайымдауынша, атақты әртіс героинның аса күшті түрін пайдаланған. Соңғы екі аптада АҚШ территориясында героиннің осындай түрін шамадан тыс пайдаланған ондаған адам өмірлерімен қош айтысқан.

Филип Сеймур Хоффман 2006 жылы "Капоте" фильміндегі үздік ер адам рөлі үшін "Оскар" жүлдесіне ие болған. Сондай-ақ ол "Алтын глобус", BAFTA, секілді бірнеше киномотографиялық марапаттардың иегері.

Актер жас кезінде нашақорлық дертінен емделген болатын. 2013 жылдың мамыр айында героин қабылдап қойғандықтан қайта реабилитациялық курстан өткен. Хоффманның соңында жары және үш баласы қалды.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай