06 сәуір 2016 10:24

Назарбаев Обамаға қазақ суретшісінің "Жарылыс" деп аталатын картинасын сыйлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Барак Обамаға суретші Қаріпбек Күйіковтің "Жарылыс" деп аталатын картинасын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дәурен Абаевқа сілтеме жасап.

"Естеріңізде болса, 2012 жылы Сеулдегі антиядролық Саммитте Барак Обама президент сайлауының қарсаңында Мемлекет басшысынан қазақтың тұмарын сыйға алған еді. Осы жолы Қазақстан Президенті символдық сыйлық жасады - халықаралық антиядролық қозғалыстың белсендісі, АТОМ (The Atom Project (ENG) жобасының құрметті елшісі, суретші Қаріпбек Күйіковтің "Жарылыс" деп аталатын картинасын жеткізді", - деп хабарлады Дәурен Абаев.

© facebook.com/AkordaPress

Сонымен қатар, ол Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл сыйлықты сыйлауы арқылы өзекті мәселеге тағы да бір рет назар аударды деп есептейтейтінін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети