Павлодар қаласының тұрғыны Гүлсайра Жүнісова АҚШ-тан жаңа туған немересін қайтарып алуға көмек сұрап отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі. Қазақстан азаматшасы америкалық билік оның жаңа туған немересін бермей қою мүмкін деп қауіптенгендіктен қазақстандық дипломаттардан көмек көрсетулерін сұрайды.

Жүнісова ханымның атап өткеніндей, 2010 жылы оның Әсия Күшенова есімді қызы АҚШ-қа жұмыс істеу мақсатында барған. Қызы көп ұзамай сол елде күйеуге шығып, Талахасси қаласына (Флорида штаты) көшіп барған. Алайда арада көп уақыт өтпестен жас жұбайлардың шаңырағы шайқалып, Әсияның шетелдік күйеуі оған қол жұмсай бастаған. " Ол уақытта қызымның аяғы ауыр болатын. Сол себепті ол өзін, әрі ішіндегі нәрестесін аман сақтап қалу үшін жергілікті қабылдау үйін паналауға мәжбүр болған. Сол үйде ол Темірлан есімді ұлын босанып, сонда тұрып жатқан еді", - деді Гүлсайра Жүнісова.
Осы уақытқа дейін жас келіншек пен анасы телефон және интернет арқылы байланысып тұрған екен. "Соңғы кездері мен қызыммен байланыса алмадым. Ал өткен аптада Әсияның америкалық достары виза мерзімінің аяқталуына байланысты Әсияны абақтыға, ал жаңа туған нәрестені балалар үйіне жіберілгенін айтты", - деді Жүнісова
Оның сөзіне қарағанда, ол Вашингтондағы Қазақстан елшілігіне бірнеше мәрте хабарласқан. Алайда ол жақтан әлі күнге еш хабар болмаған. "Маған елшіліктегілер нақты ештеме айтпастан, телефон тұтқасын тастай сала береді. Соттан кейін қызымды Қазақстанға жібереді. Ал менің кішкентай ғана немеремді АҚШ билігі елдерінде алып қалмақ. Ешбір заң баланы анасынан бөліп алуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан мен немеремді Қазақстанға алып қайтуға көмек сұраймын", - деді ол.