Пентагон Ресеймен арадағы әскери байланысын тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пентагон Ресеймен арадағы әскери байланысын тоқтатты Фото РИА Новости©

Пентагон Украинада орын алған жағдайға байланысты Ресеймен арадағы әскери ынтымақтастығын тоқтатты, деп хабарлайды РИА Новости АҚШ қорғаныс министрлігінің өкіліне сілтеме жасап. Министрлік өкілінің сөзіне қарағанда, тараптар бірлескен оқу-жаттығу, порттарды бірлесіп пайдалану, екі жақты келіссөздер жүргізу және конференциялар өткізуді жоспарлауын тоқтатты. АҚШ сондай-ақ, Ресеймен арадағы сауда-саттық және инвестиция тарту мәселелері бойынша да келіссөздер жүргізуін тоқтатқан. "Біз Ресеймен арадағы экономикалық байланыстарды арттыруға арналған сауда-саттық, инвестиция тарту мәселелері бойынша алдағы уақытқа жоспарланған келіссөздер жүргізуді тоқтаттық", - деді АҚШ-тың сауда-саттық өкілдігі баспасөз қызметінің өкілі Майкл Фроман. Еске сала кетейік, Украинада орын алған жағдайға байланысты Ақ үй бұған дейін Ресейге қатысты экономикалық санкция жариялауы мүмкіндігін ескерткен болатын. Атап айтқанда, мемлекеттік департамент пен сенат өкілдері АҚШ-тың ресейлік банктерге қатысты санкция жариялауы мүмкін екенін, ресейлік мемлекеттік мекемелермен қатар жеке инвесторлардың да активтерін тоқтатып тастауға және Ресей азаматтарына қатысты визалық шектеулер қоюы мүмкін екенін айтқан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети