АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының тұрғыны Джаббар Коллинз соттың қате қаулысынан кейін турмеде 15 жыл бойы отырып шығуға мәжбүр болды. Енді ресми билік оған 3 миллион доллар көлеміндегі өтемақы төлемекші, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews арнасына сілтеме жасап.

1994 жылы Коллинз бір раввинді өлтірді деген айыппен қамауға алынған болатын. Детективтер келген кезде ол бір қателіктің болғанын мәлімдеп, қылмыс кезінде өз үйімде болдым деп ант суын ішкен. Алайда оған ешкім сенген жоқ. Бұған қоса, сотта екі куәгер Коллинзтің оқиға орнынан қашып бара жатқанын көргенін айтқан. Осының негізінде алқабилер оны айыпты деп танып, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Дегенмен Коллинз мойыған жоқ. Ол түрме кітапханасына жазылып, құқықтануды жан-жақты меңгеруге кірісті. Содан қылмыстық істің материалдарын алып, бірнеше рет апелляцияға берген. Осының нәтижесінде ол прокуратураның куәгерлерді мәжбүрлеп, айғақ беруді итермелегенін дәлелдеп шықты. 2010 жылы сот оны кінәсіз деп таныып, бостандыққа шығарды. Қазір ол 42 жаста.
Коллинз онымен тоқтамай, Нью-Йорк штанының ресми билігін сотқа берді. Бүгінде тараптар ымыраға келіп отыр. Оған сәйкес, штаттың ресми билігі өтемақы ретінде 3 миллион доллар төлеп беруге әзір.