11 шілде 2014 13:36

Тәжаяқов Царнаевтың қауіпті әдеттері жайлы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Associated Press ©Associated Press

Азамат Тәжаяқов АҚШ федералдық агенттеріне Бостон марафоны кезінде теракт ұйымдастырғаны үшін айыпталып отырған Джохар Царнаевтың қауіпті әдеттері туралы айтты, - деп хабарлайды The Boston Globe. Бұл туралы Бостонда өтіп жатқан сот тыңдауы барысында белгілі болды. Азамат Тәжаяқов сот төрелігіне кедергі келтіру туралы айыптаулар бойынша федералдық сотта жауап берді.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қазақстандық студент ФТБ агенттеріне Царнаевтың қауіпті әуестіктерін бірнеше рет көрсеткенін айтты. Оның айтуынша, айыпталушы бомба дайындауды біледі, газ қаруын қолданады, ағасы Тамерлан екеуі атысып ойнауға барады.

Соған қарамастан, құқық қорғау органдарының мәліметінше, Азамат Тәжаяқов 2013 жылы 19 сәуірде хат алысу кезінде (кіммен хат алысқаны жария етілмей отыр) Федералдық тергеу бюросының Джохарға терактқа қатысты күдік келтіргеніне таңғалатынын айтқан.

Қазақстандық студент Джохар Царнаевқа ағасы Тамерланның ықпалы күшті болды деп есептейді-міс. "Меніңше, бәріне кінәлі - ағасы. Ол мұның миын өзгертті", - хат алысулардың бірінде Тәжаяқов осылай деп жазды делінеді. Тамерлан исламның радикал формасына бет бұрған, ол бірде Тәжаяқовқа діни мазмұндағы кітапты сыйға тартқан.

Бұған дейін сотта ФТБ агенті Сара Вуд Тәжаяқовтың Царнаевтың қоржынын айғақ заттармен бірге лақтырып жіберуге келіскенін айтқан еді. Айыпталушының әкесі Әмір Ысмағұлов оны жалған куәлік етті деп отыр. Еске салайық, Тәжаяқов өзінің досы Диас Қадырбаевпен және америкалық Робел Филиппоспен бірге 2013 жылдың сәуірінде тұтқындалған болатын. Қазақстандық студенттердің 25 жылға бас бостандығынан айырылу қаупі бар. Ал америкалыққа сегіз жыл жаза берілуі мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети