24 тамыз 2014 11:33

Вашингтонда Фергюсондағы жасөспірімнің өліміне қатысты наразылық шеруі өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вашингтонның жүздеген тұрғыны қала орталығында Фергюсонда (Миссури штаты) полицейдің қолынан қаза тапқан жасөспірімнің өліміне байланысты наразылық шеруін өткізді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Вашингтонның жүздеген тұрғыны қала орталығында Фергюсонда (Миссури штаты) полицейдің қолынан қаза тапқан жасөспірімнің өліміне байланысты наразылық шеруін өткізді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Акцияға қатысушылар жасөспірімнің өліміне кінәлі офицерді тұтқындауды, полиция жұмысын жариялы етуді және оларды армия жабдықтарымен жарақтандыруды доғаруды талап етті. Наразылық білдірушілер Вашингтондағы Маунт Вернон алаңына жергілікті уақыт 19.00-да жиналып, бір сағатқа созылған митингтен соң қаланың орталығына қарай жүрді. Олар "Фергюсон тұрғындарымен бірміз", "Полицейлердің расистік террорын тоқтатыңыздар", "Майкл Браун үшін әділеттілік керек", "Қорғап, қызмет етіңіздер, бірақ атып өлтірмеңіздер", "Полиция бұл елде қара нәсілділерді 28 сағат сайын өлтіре бермеуі керек", "Милитаризацияланған полиция тиранияға жол ашады", "Төңкеріске қолайлы түн" деген жазулары бар плакаттарды алып шықты.

Еске сала кетейік, наразылық шеруіне себепкер оқиға 9 тамыз күні болды. Фергюсонда полицей Даррен Уилсон қолында қаруы жоқ 18 жастағы Майкл Браунды атып тастады. Бұдан соң қалада тәртіпсіздіктер басталды, полициямен қақтығыс кезінде бірнеше адам зардап шекті. Тәртіп сақшылары тобырды қуу үшін жас ағызғыш газ бен резеңке оқтарды қолданды. Фергюсон халқының 65%-ы - қара нәсілділер, олар өздеріне полицияның үнемі тыным бермейтінін айтып шағымданды. Уилсонның да жақтастары табылды, олар полицейді қолдап, қаражат жинап жатыр. Қазір полицейдің әрекетіне қатысты тергеу жүріп жатыр - бастапқыда құқық қорғау органдары Браун полиция қызметкеріне шабуыл жасады деп мәлімдеген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети