10 жастағы қыз Нигерияда өзін-өзі жарып жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

10 жастағы қыз Нигерияда өзін-өзі жарып жіберді ©Flickr/ jbdodane

Шамамен он жастағы қыз Нигерияның солтүстік-шығысында Майдугури қаласындағы базарда жарылғыш затты іске қосты, кем дегенде 10 адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шамамен он жастағы қыз Нигерияның солтүстік-шығысында Майдугури қаласындағы базарда жарылғыш затты іске қосты, кем дегенде 10 адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости

Франс Пресс агенттігі Қызыл Крест ұйымы мен куәгерлерге сілтеме жасай отырып, жарылыстың базарда адам көп жүретін жерінде жергілікті уақытпен сағат 12.40-та болғанын хабарлады. Лаңкестікке әзірше ешбір топ жауапкершілік алмады. "Қазіргі уақытта біз 10 адамның денесін мәйітханаға апардық", - деп хабарлады агенттікке Қызыл Крест ұйымының өкілі.

Нигерияда "Боко Харам" радикалды ислам тобы белсенді. Оның мүшелері білім берудің батыс моделіне қарсы шығады және ел бойынша шариғат жолына түсіруге талпынады. Елде болған көптеген лаңкестікке осы топ жауапкершілік алған. 

Нигерия президенті Гудлак Джонатан бір жыл бұрын лаңкестіктің қаупі мен содырлардың шабуылдарына байланысты бірқатар штатта төтенше жағдай енгізілгенін жариялаған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети