АҚШ бастаған коалиция күштерінің әуе соққысы салдарынан Сирия үкіметінің жүзге жуық сарбазы қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Нововсти сайты ABC арнасына сілтеме жасап.
Бейсенбіге қараған түні альянс "Сирияның демократиялық күштері" (SDF) штабына үкіметке жақтас күштердің шабуыл жасағанын хабарлаған. Хабарламада соққының "ДАЙШ-ке (Қазақстанда тыйым салынған) қарсы күресіп жатқан серіктестер тарапынан агрессия актісін тойтару үшін жасалғаны" айтылған.
Атын атамауды сұраған америкалық шенеуніктің телеарнаға айтуынша, коалиция авиация мен артилерияны қолданған. Сонымен қатар, Т-54 және Т-72 танкілерімен де соққы жасалыпты.
Шенеунік коалицияның шұғыл телефон арқылы ресейлік офицерлерді ескерткенін атап өтті.
Ресми Дамаск бұл ақпаратқа қатысты ешқандай мәлімдеме жасмады.
Қолданушыларымызға ыңғайлы болуы үшін пікір авторларының орналасқан жерін автоматты түрде анықтау функциясын жасадық.
Жаңалықтың тақырыбын дұрыстап жазуларыңызды сұраймын. "АҚШ бастаған коалиция күштері жақтастарына шабуыл жасаған" деген xабарды есі дұрыс адам "АҚШ бастаған коалиция күштері өздерінің жақтастарына қарсы өздері шабуыл жасады" деп түсінеді. "АҚШ . . . жақтастарына шабуыл жасалынды" деуге болады ғой.