102 жастағы әйел COVID-19-ды екі рет жұқтырып, сауыққан

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет: elements.envato.com Сурет: elements.envato.com

Нью-Йоркте қатерлі ісік, ішкі қан кету, сепсис, испан тұмауынан аман қалған 102 жастағы Ангелина Фридман бүгінде коронавирусты да екі рет жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Report Door сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Нью-Йоркте қатерлі ісік, ішкі қан кету, сепсис, испан тұмауынан аман қалған 102 жастағы Ангелина Фридман бүгінде коронавирусты да екі рет жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Report Door сайтына сілтеме жасап.

Фридман 1918 жылы Италиядан Нью-Йоркке иммигранттарды алып бара жатқан кемеде дүниеге келген, бұл испан тұмауы пандемиясы өршіп тұрған кез еді. Бірнеше жыл бұрын әйел аурудан қайтыс болған күйеуімен бір уақытта қатерлі ісікке шалдығып, дертін жеңіп шықты. 

Оның қызы Джоан Мероланың айтуынша, Солтүстік Вестчестердегі қалпына келтіру және мейірбике ісі орталығында тұратын әйелде COVID-19 да анықталған. Алғаш рет наурызда ауруханаға кішігірім медициналық процедура үшін жеткізілген кезде жұқтырған. Кейін Фридман тест теріс нәтиже көрсетпейінше бірнеше апта вируспен күрескен.

Алғашқы COVID-19 диагнозынан алты ай өткен соң, қарттар үйінің тұрғындары мен қызметкерлері жаппай ауырып, әйел қайтадан вирус жұқтырған. Ал 17 қарашада сауығып шыққан.

"Анам аман қалды. Оның кезінде баласы да түсіп қалған, іштей қан кеткен, қатерлі ісікті де жеңді. Ол "адам" емес. Оның ДНҚ-сы ерекше", - дейді қызы Джоан Мерола анасының өмірге деген құштарлығын атап өтіп.

Бұған дейін 125 жасында 400 немере мен шөбере өсіріп отырған Түркия тұрғыны да коронавирусты жеңгені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro