11 қыркүйекте теракт ұйымдастырды деген күдіктіге қатысты сот қайта басталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: ria.ru Фото: ria.ru

Гуантанамодағы америкалық базада 2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-та теракт ұйымдастырды деп күдіктелген бес адамның ісі бойынша сот қайта басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Гуантанамодағы америкалық базада 2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-та теракт ұйымдастырды деп күдіктелген бес адамның ісі бойынша сот қайта басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, басты күдікті, Кувейттің тумасы Халид Шейх Мохаммед пен оның төрт сыбайласы сотқа тартылған. Айыпталушылар Кубадағы Гуантанамо әскери базасына соталды тыңдауға келген.

COVID-19 пандемиясына байланысты 17 ай тоқтап тұрған іс жаңа судьямен қайта қаралады. Әскери қазылар алқасын іріктеу биыл қаңтарда басталуы керек еді, бірақ қазір 2022 жылға дейін басталмайтыны нақтыланды.

Мохаммедтің адвокаты істің аяқталуына тағы 20 жыл қажет екенін айтты.

Сот талқылауы АҚШ әскери трибуналы мен АҚШ федерал қылмыстық сот жүйесінің араласуымен өтеді. Судья мен прокурорлар Америка Құрама Штаттарының әскерилері. Прокурорлардың да, қорғаушылардың да әскери адвокаттары бар.

Айта кетейік, 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та тарихтағы ең үлкен терракт жасалды. Террористердің төрт тобы төрт рейстік жолаушылар ұшағын басып алды, олардың екеуі Нью-Йорктегі Манхэттендегі Дүниежүзілік сауда орталығының мұнараларына жіберілді, нәтижесінде ғимарат құлады. Үшінші лайнер Вашингтон маңындағы Пентагон ғимаратына жіберілді. Төртінші ұшақ Пенсильвания штатындағы Боро Шанксвилл маңындағы алаңға құлады. 19 өзін-өзі өлтіруші террористтен басқа, 2977 адам қайтыс болды, тағы 24 адам хабар-ошарсыз кетті деп жарияланды.

Бұған дейін Байден 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі шабуылдарға қатысты жаңа материалдарды құпиядан шығару процедурасын іске қосу туралы жарлық шығарған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.21  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro