11 қыркүйектегі теракт бойынша басты айыпталушы Обамаға хат жазды

09 Ақпан 2017, 09:45
0
11 қыркүйектегі теракт бойынша басты айыпталушы Обамаға хат жазды -

АҚШ-та 2001 жылдың 11 қыркүйегінде болған терактілер бойынша басты айыпталушы Халид Шейх Мохаммед Барак Обамаға хат жазды, - деп хабарлайды Lenta.ru Miami Herald басылымына сілтеме жасап. Айта кетейік, айыпталушы қазіргі уақытта Гуантанамо түрмесінде.

Газеттің мәліметінше, хат 2015 жылдың қаңтарында жазылған, алайда түрме басшылығы хатты жіберуден бас тартқан. Сол жылы қыркүйек айында оның адвокаты хаттың жеткізілуі жайлы өтініш жасап, бір жыл өткенде судья Джеймс Пол келісім берген. Обама сол кезде екінші президенттік мерзімі аяқталып, Ақ үйден кетуге дайындалып жатқан.  

Басылым 18 беттен тұратын хаттың үзінділерін келтіріп отыр. Нақтырақ айтқанда, Мохаммед Обаманы "қанау және зомбылық елінің президенті", "жыланның басы" деп атайды.  

"9/11 күні соғысты сіздерге қарсы біз ашқан жоқпыз. Мұны өздеріңіз және еліңіздегі диктаторлар жасады", - деп жазады ол хатында. 

Айтуынша, ол АҚШ-тан ешқашан аяушылық сұрамайды, ал өмір бойына бостандықтан айыру немесе өлім жазасы мүлдем қорқынышты емес. "Жалғыз адамдық камерамда болуға қуанамын, ақтық демім қалғанша Алладан күнәларым үшін кешірім сұрап өтемін. Өлім жазасына кессеңіздер, Алламен және оның пайғамбарларымен қуана кездесер едім, әлемде әділетсіз өлтірілген достарымды көрер едім, шейх Усама бен Ладенді көрер едім", - деп жазған Мохаммед.

Хатында ол Обаманы "адам құқықтарын жақсы білетін ақылды адвокат" деп мазақ қылады. Айтуынша, "Обама өз дұшпанын сотсыз-ақ өлтіреді, ал мәйітін құрметтеп, отбасына берудің орнына, көлге тастай салады".

Айта кетейік, 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та болған теракт ісі бойынша бес айыпталушы бар. Халид Шейх Мохаммед - Гуантанамода өтіп жатқан сот процесіндегі басты айыпталушы. 2003 жылы ол Пәкістандағы арнайы операция кезінде ұсталып, 3,5 жыл бойы қамауда болған. Одан қатаң түрде жауап алынып, 2006 жылы Гуантанамоға ауыстырылған.

2001 жылдың 11 қыркүйегінде ірі теракт болған еді. Екі ұшақ Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығына соғылып, тағы бірі Пенсильвания штатындағы Шэнксвилль қаласының маңына құлаған еді. Салдарынан 2 976 адам қаза тауып, 4 мыңы зардап шеккен болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай