Жаңа Зеландияда жолаушылар мен экипаж мүшелері Таупо көлінің үстінде құлаған жолаушылар ұшағынан секіріп аман қалды, - деп хабарлайды New Zealand Herald.
Жаңа Зеландияда жолаушылар мен экипаж мүшелері Таупо көлінің үстінде құлаған жолаушылар ұшағынан секіріп аман қалды, - деп хабарлайды New Zealand Herald.
Оқиға 6 желтоқсанда көл жағасында демалып отырған жүздеген туристің көз алдында болды. Басылымның мәліметіне қарағанда, ұшақ ауаға көтерілгеннен кейін шамамен 600 метр жүргенде қозғалтқышы істен шығады. Ұшақ құлайын деп жатқанда алты жолаушы мен экипаждың алты мүшесі мен командирі парашютпен секіреді. Барлығы да сәтті қонды. Адамдар ауыр жарақат алған жоқ.
Ұшақ болса таяз суға құлады. Оның сынған бөліктері шамамен 3,5 метр тереңде жатыр.
Айта кетейік, апатқа ұшыраған ұшақ - парашютпен секіруді ұйымдастырумен айналысатын Skydive Taupo әуе компаниясының меншігі. Сондықтан да экипаж мүшелері мен жолаушылар парашютпен секіруге дайын болды.