24 ақпан 2019 | 15:06

13 жастағы америкалық өз үйінде термоядролық реактор құрастырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© hi-news.ru © hi-news.ru

Ғылым саласында ең жас ядро-физика атағына жаңа үміткер пайда болды. Термоядролық синтез рекациясына қол жеткізген 13 жастағы америкалық Освальт Джексон есімді бала АҚШ-тың Теннеси штатында тұрады, - деп хабарлайды Hi-news.


Иконка комментария блок соц сети

Ғылым саласында ең жас ядро-физика атағына жаңа үміткер пайда болды. Термоядролық синтез рекациясына қол жеткізген 13 жастағы америкалық Освальт Джексон есімді бала АҚШ-тың Теннеси штатында тұрады, - деп хабарлайды Hi-news.

Жасөспірім өз үйінің бұрынғы ойын бөлмесінде жасақталған зертханада термоядролық синтездің ықшам реакторын жасап жасап шығарған, - деп жазады Science Alert порталы.

Термоядролық синтез қондырғысын құр 12 жасында бастаған, бірақ биыл 19 қаңтарда өзінің 13-ші туған күніне дейін бірнеше сағат бұрын ол алға қойған мақсатқа қол жеткізгенін хабарлады.

50 мың вольт энергияның көмегімен бала өзі құрған реактордың ішінде газ тәріздес дейтерийдің екі атомын сәтті соғыстырып, белсенді плазма аймағында ядроны сәтті құюға мүмкіндік алды. Освальт Джексон қосымша зерттеулер жүргізгеннен кейін қол жеткізілген нәтижелерінің сәтті шыққанына сенімді болған.


фото hi-news.ru

"Менің ядролық синтез процесінде ешқашан қажетті нәтижеге қол жеткізе алмайтынымды айтып өткендер үшін бұл ақпарат тосынсый болуы тиіс. Өткен айдың ішінде мен жүйемнің барлық негізгі кемшіліктерін шешіп, өте үлкен прогреске қол жеткіздім. Ал енді мен шын мәнінде бірдеңге тұрарлық нәтижеге қол жеткіздім", - деп жазды бала Fusor.net форумында.

Оның нәтижелері басқа мамандардың сырт жағынан бағалауына ұшырамайынша және рецензияланатын ғылыми журналда жарияланбайынша, оның барлық сөздерін скепсистің үлесімен қабылдау қажет,деп жазады басылым.

Алайда оның жетістігінде өзінен басқа сенім артқандар бар екен. Open Source Fusor Research Consortium (Зерттеу консорциумы) баланың нәтижелерін растады. Веб-сайт әкімшісі Джейсон Халлдың айтуынша, Освальт Джексонды термоядролық синтезге жеткен әуесқойлар тобына қосты.


фото hi-news.ru

"Тамаша жұмыс. Тамаша жүйе. Сіз бұл қондырғыға көп қаражат салдыңыз", - деді Халл.

"Кішкентай фузор" болып табылатын ядролық реакторды құруға жұмсалатын шығындар шын мәнінде айтарлықтай сезілді - 10 мың доллар шамасында, оны балаға ата-анасы берген. Джексонның әкесі ұлына радиация мен мыңдаған вольт кернеуіне байланысты қауіптер туралы айтып берген мамандарды шақырғаннан кейін ғана жобамен жұмыс істеуге мүмкіндік бергенін айтады.

Егер баланың нәтижелері ғылыми ұйыммен рецензияланса немесе тексерілсе, ол термоядролық синтезге жеткен ең жас адам болып табылатын 14 жасар Уилсон Тейлорын ресми түрде ығыстырады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети