28 қараша 2021 | 16:05

13 жыл бұрынғы қырғызстандық саясаткердің өлімі: күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстандық саясаткер Медет Садырқұловтың өліміне қатысты күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстандық саясаткер Медет Садырқұловтың өліміне қатысты күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері 2009 жылы қылмыс жасады деген күдікке С. Сапарбеков ілінгенін мәлімдеді. 

"ІІМ қызметкерлері 2021 жылдың 26 қарашасында қылмыс жасады деген күдікпен С.Сапарбековті ұстап, ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 98-бабының тәртібімен Бішкек қаласында уақышта ұстау изоляторына қамады.

Күдіктіге қатысты 2022 жылдың 26 қаңтарына дейін екі ай мерзімге тергеу изоляторына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - делінген ведомство хабарламасында.

Еске салайық, президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Медет Садырқұлов 2009 жылғы 13 наурызда Бішкек маңында жол апатынан қаза тапты. Көлікте, сондай-ақ, халықаралық стратегиялық зерттеулер институтының бұрынғы директоры Сергей Слепченко мен жүргізуші Кубат Сулайманов болған.

Қырғызстандық БАҚ мәліметінше, ұсталған Сапарбеков бұрынғы президент Құрманбек Бакиевтің ұлы Максим Бакиевтің досы болған.

Автор: Зулайка Эркимбаева, Бішкек

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети