14 мың адам Шанхай әуежайынан шыға алмай отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

14 мың адам Шанхай әуежайынан шыға алмай отыр Шанхай әуежайы. © REUTERS

Шанхай Пудун халықаралық әуежайында қызметкерден коронавирус анықталуына байланысты тексеріс жүргізіледі, - деп хабарлайды Daily Mail.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шанхай Пудун халықаралық әуежайында қызметкерден коронавирус анықталуына байланысты тексеріс жүргізіледі, - деп хабарлайды Daily Mail.

Әуежай басшылығы жүк терминалының қызметкері COVID-19 жұқтырғаны расталғаннан кейін 14 мың адамнан тұратын жұмысшылар мен жолаушыларды жауып, тексеру туралы шешім қабылдады.

Пудун ауданының денсаулық сақтау комитеті әуежайды эпидемиологиялық қауіптің орташа деңгейі бар аймақ деп жариялады.

Мамандар жерасты тұрағында зертхана мен тексеру пунктін ұйымдастырған, онда әуежай мен жүк терминалында болған барлық адам коронавирусты анықтауға тест тапсырады екен.

Биліктегілер коронавирус жұқтырғандар бар-жоғын әзірше айтпады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети