28 қазан 2014 | 00:32

15 жастағы оқушы мұғалімін сабақ үстінде атып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайтыс болған мұғалім Эне Сарап. ©Postimesees.ee Қайтыс болған мұғалім Эне Сарап. ©Postimesees.ee

Дүйсенбі күні Эстонияда елді дүрліктірген қылмыс болды. Вильянди қалашығында 15 жастағы оқушы 56 жастағы мұғалімін мектептегі сабақ кезінде атып тастады, - деп хабарлайды DELFI.


Иконка комментария блок соц сети

Дүйсенбі күні Эстонияда елді дүрліктірген қылмыс болды. Вильянди қалашығында 15 жастағы оқушы 56 жастағы мұғалімін мектептегі сабақ кезінде атып тастады, - деп хабарлайды DELFI.

Қайтыс болған Эне Сарап неміс тілі пәнінің мұғалімі. 2007 жылы ол Вильяндидегі үздік мұғалім атанған. 

Қылмыс түстен кейінгі уақытта болды. Оқиға кезінде сабаққа мұғалім және оны атқан баламен бірге төрт оқушы қатысып отырған. Олар дін-аман. Мектеп жұмысшылары баладан тапаншаны алып, жасөспірімді полицияға тапсырды. Құрықтау кезінде бала еш қарсылық білдірмеген. Алғашқы мәліметтер бойынша, оқушы мұғалімін револьвермен атыпты. Қылмыстық тергеу кезінде оқушының мұғалімін не себепті атқаны және тапаншаны қайдан алғаны анықталады.

Мектеп директоры Ааво Пало болса атқан баланың тәрбиесі нашар болмағанын айтады. Ел президенті Тоомас Хендрик Ильвес қаза тапқан мұғалімнің отбасына көңіл айтып, Эне Сараптың өлімі бүкіл Эстонияның трагедиясы екенін мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети