15 жастағы қызды топ болып соққыға жыққандарды әкесі жазалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

15 жастағы қызды топ болып соққыға жыққандарды әкесі жазалады

Мәскеу түбінде орналасқан Электросталь ауылында әкесі 15 жастағы қызына тиісіп, топ болып соққыға жыққандарды жазалады, - деп хабарлайды Mash. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеу түбінде орналасқан Электросталь ауылында әкесі 15 жастағы қызына тиісіп, топ болып соққыға жыққандарды жазалады, - деп хабарлайды Mash. 

Телеграм-арнаның мәліметінше, Настя есімді қызды мектептегі танымалдығын қызғанған қатарластары ұрып-соққан. Олар қызды ұрып-соғып, видеосын Желіге жариялаған. Арам пиғылды 15 жастағы Даша есімді қыз бастапты. 


Зардап шеккен 15 жастағы Настя. © Әлеуметтік желілерден алынған сурет

Кейін соққыға жығылған қыздың әкесі шабуылдағандарды жазалаған. Ол қыздарға тиіспеген, бірақ процесті телефонға түсірген балаларды жазалаған. Ендігіде әкесі қызын мектепке өзі апаратын болыпты. Ал мектептегілер бұл жағдайға көңіл аудармапты да. 


Зардап шеккен 15 жастағы Настя. © Әлеуметтік желілерден алынған сурет

"22 қазанда Ресей ІІМБ-нің Электросталь бойынша кезекші бөліміне кәмелетке толмаған екі қыздың арасында болған төбелес жайлы хабар түсті. Алдын ала, қақтығыс болғаны анықталды, салдарынан қыздардың бірі дене жарақатын алған. Осы дерек бойынша тексеріс жүріп жатыр, оның қорытынжысы бойынша заң жүзінде шешім шығарылады", - деп хабарлаған Ресей ІІМБ Мәскеу облысы бойынша ММ өкілдері.


Төбелесті бастаған Даша. © Әлеуметтік желілерден алынған сурет

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети