31 шілде 2016 | 12:37

16 жолаушысы бар әуе шары құлады: Тірі қалған ешкім жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© dailymail.co.uk © dailymail.co.uk

Америкалық Техас штатында әуе шарының жазыққа құлауынан 16 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға сенбі күні таңертеңгі уақытта болған және АҚШ тарихында осындай ең көп қаза тапқан қайғылы оқиға ретінде қалды, - деп хабарлайды Fox News.


Иконка комментария блок соц сети

Америкалық Техас штатында әуе шарының жазыққа құлауынан 16 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға сенбі күні таңертеңгі уақытта болған және АҚШ тарихында осындай ең көп қаза тапқан қайғылы оқиға ретінде қалды, - деп хабарлайды Fox News.

Жергілікті билік өкілдерінің алдын ала мәліметі бойынша, туристер мінген аэростат жоғары вольтты электр желілеріне тиіп кетіп, өрт шығып, артынша Локхарт қаласының маңындағы жазыққа құлаған. Оқиға штат астанасы Остин қаласынан 30 шақырым жерде болды. Бортта отырған адамдардың ешқайсысы тірі қалмаған.


Оқиға орны © dailymail.co.uk

Қайтыс болғандардың есімдері әлі жарияланған жоқ. Белгілісі, әуе шарын ұшқыш Скип Николс (Skip Nichols) басқарған. Ол аэростаттарды жалға беру компаниясының қызметкері әрі иесі.


Скип Николс әуе шарын басқаруда. Сол жақтағы сурет 2015жылы жасалған © Facebook


Николс әуе шарының жолаушыларымен.Сурет бір апта бұрын жасалған © Facebook

Телеарнаның хабарлауынша, әуе шары туристермен сағаттық ұшулар жүргізген. Шар әуеге көтерілгеннен кейін жарты сағаттан соң апатқа ұшыраған. Бір куәгердің айтуынша, ол алдымен қатты шудың шыққандығын естіген, содан кейін ол әуеден үлкен отты шарды көрген.


Әуе шары көкке көтерілген уақытта © foxnews.com

Америкалық БАҚ оқиға орнынан куәгерлердің түсірген суреттері мен видеоларын жариялауда.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети