1,8 миллиард адам коронавирус жұқтыруы мүмкін - ДДҰ

ПОДЕЛИТЬСЯ

1,8 миллиард адам коронавирус жұқтыруы мүмкін - ДДҰ © REUTERS

Дүние жүзі бойынша шамамен 1,8 миллиард адам коронавирус жұқтыруы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүние жүзі бойынша шамамен 1,8 миллиард адам коронавирус жұқтыруы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дереккөз мәліметінше, әлемдегі әрбір төртінші медициналық мекеме сумен қамтылмаған, ал әрбір үшінші медициналық мекемеде қажет қол гигиенасы сақталмаған.

"Су, санитария және гигиена медицина қызметкерлері мен науқастардың қауіпсіздігі үшін өте маңызды, бірақ бұл қызметтерге басымдық беріле бермейді", - делінген хабарламада.

ДДҰ бас директоры Тедрос Адан Гебрейесустың айтуынша, мекемелерде гигиена сақталмауы медициналық қызметкерлердің қорғаныс құралдарынсыз жұмыс істеуімен тең. 

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 70 миллионнан асты. . Олардың 1,5 миллионнан астамы қайтыс болған. 45 миллионнан аса адам аурудан жазылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети