Үндістандағы колледжердің бірінде төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету және алғашқы көмек көрсету барысында студент қыз қайтыс болды. 19 жастағы қыз өзімен бірге оқитын студенттердің ұстаған брезентіне балконнан түсуі тиіс болған, алайда ол басымен дуалға соғысып, жедел жәрдем келгенге дейін қаза тапты. Оқиғаның видеосы YouTube желісінде жарияланды.

Видеода қыз үшінші қабаттың балконында отырып, бірден түсуге сескеніп отырғаны байқалады. Осы кезде жаттықтырушы қыздың арқасынан итеріп жібереді. RT мәліметінше, осы жаттықтыругы Табиғи апаттарға күрес басқармасының маманы ретінде таныстырылғанымен, артынша жалған атты иемденуші болып шыққаны әшкере болған. 2011 жылдан бері ол осындай бір жарым мың жаттығу өткізген екен. Ер адам шілде соңына дейін қамауға алынды. Тексеру жүріп жатыр.