Қытайлық Лян Ши (Liang Shi) атты бизнесмен 21-ші рет унивреситетке түсу үшін емтихан тапсырмақ, - деп хабарлайды Lenta.ru The South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.
Қытайлық Лян Ши (Liang Shi) атты бизнесмен 21-ші рет унивреситетке түсу үшін емтихан тапсырмақ, - деп хабарлайды Lenta.ru The South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.
"Институт қабырғасында білім жинау тәжірибесінсіз толыққанды өмір болмайды", - деп келтіреді 50 жастағы кәсіпкердің сөзін басылым.
Қытайда Лян Ши "ең есуас талапкер" атанып кеткен көрінеді. Қазіргі кезде ол таңнан кешке дейін маусымның 7 мен 9 аралығы өтетін емтиханға дайындалып жатыр екен.
Алғаш рет ер адам университетке 1983 жылы тапсырып көрген, алайда жиған баллдары жеткіліксіз болған. Ал оның ұлы жоғарғы оқу орнын тәмәмдәған болып шықты.
Биыл Қытайда тоғыз миллион талапкер емтихан тапсырады екен.
2001 жылы ел билігі университетке түсуге жас шектеуін алып тастаған. Оған дейін жоғары оқу орнына 25 жасқа дейін ғана тапсыруға болатын.