Maroon 5 тобының солисті Адам Левин өзінің 25 жастағы сүйіктісі, Victoria's Secret-тің моделі Бехати Принслоуға үйленді, деп жазады The People журналы.
Maroon 5 тобының солисті Адам Левин өзінің 25 жастағы сүйіктісі, Victoria's Secret-тің моделі Бехати Принслоуға үйленді, деп жазады The People журналы.
Неке қию салтанаты 19 шілдеде Мексиканың Лос-Кабос курортында өтіп, тойға 275 қонақ шақырылған көрінеді. Олардың арасында актер кіші-Роберт Дауни, модель Коко Роша және Адам Левиннің әріптестері болған. Қалыңдық жұрт алдында Marchesa тіккен той көйлегімен көзайым болса керек. Жұбайлар қонақтар дастархан жайып, жағалаудағы экслюзивті қонақүй El Dorado Golf & Beach Club-та думан жасаған, деп жазады басылым.
Айта кететіні, 35 жастағы Maroon 5-тің солисті 2013 жылы әлемдегі ең тартымды еркек деген атауға ие болған еді. Ал ол өзінің жары модель Бехати Принслоумен өткен жылдан бері кездесе бастаған. 2013 жылдың мамырында басылымдар қос жұптың арасы салқындап, екіге бөлініп кеткенін жарыса жазған болатын. Алайда олар қайта қауышып, шілдеде дүбірлетіп тойларын өткізіп отыр.
Бұған дейін Адам Левин мен әрлеуші Анна Вьялицинаның арасында ғажайы махаббат пайда болып, 2010-2012 жылдары кездесіп жүріп кейін екіге айрылған-тұғын. Содан кейін музыкант біраз уақыт Гавай аралдарында тынығып жүріп, Бехати Принслоуға көзі түскен деседі.