2017 жылы жоғалып кеткен қытайлық миллиардерге қатысты сот үкімі шықты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

2017 жылы жоғалып кеткен қытайлық миллиардерге қатысты сот үкімі шықты © hkcnews.com

Жұма, 19 тамызда Шанхай соты бес жыл бұрын жоғалып кеткен кәсіпкер Сяо Цзяньхуаға қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Коммерсант" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жұма, 19 тамызда Шанхай соты бес жыл бұрын жоғалып кеткен кәсіпкер Сяо Цзяньхуаға қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Коммерсант" басылымына сілтеме жасап.

Миллиардерге қаражатты ысырап ету және пайдалану, пара алу және алдау дерегі бойынша айып тағылып, кінәлі деп танылған. Бір кездері Қытайдың ең бай адамдарының бірі саналған кәсіпкер 13 жыл түрмеде отырады, ал оның Tomorrow Holdings компаниясы 55 миллиард юань (8,1 миллиард доллар) айыппұл төлейді.

Сяо Цзяньхуаны соңғы рет Гонконгта 2017 жылы Four Seasons қонақүйінде көрген. Кейін ол жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, кәсіпкер жоғалып кеткен күні оның бөлмесіне бірнеше адам кірген. Олар кәсіпкерді мүгедектер арбасына отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен.

Биллеуші элитаға жақын Сяо Цзяньхуаның жоғалып кетуі Қытай төрағасы Си Цзиньпин бастаған жемқорлықпен күреске байланысты болуы мүмкін деген болжам жасалды. The New York Times газеті Сяо мырзаны "басқарушы таптың банкирі" деп атады.

Биыл шілдеде Қытайдағы Канада елшілігі Канада азаматтығы бар Сяо мырзаның сотқа тартылғанын хабарлады, бірақ кәсіпкерге қандай айып тағылғаны және соттың қайда өтіп жатқаны айтылмады.

2017 жылдан бастап соттың бүгінгі мәлімдемесіне дейін Қытай билігі "Сяо Цзяньхуа ісіне" қатысты ешқандай түсініктеме бермеді, ал оның туыстары Коммунистік партия мен Қытай үкіметіне адалдықтарын білдіретін мәлімдеме жасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети