ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қараша 2021 | 09:15
2021 жылы жиі ізделген сөз аталды
Ағылшын тілінің ұлыбританиялық Collins English Dictionary сөздігінде 2021 жылы ең көп ізделген сөз - NFT (non-fungible token) аббревиатурсы. Бұл қазақ тіліне аударғанда "алмастырылмайтын белгі" дегенді білдіреді. Бұл туралы The Guardian жазады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"NFT – non-fungible token аббревиатурасы – цифрлық активке меншік құқығын тіркейтін бірегей цифрлық идентификатор – 2021 жылғы Collins сөзі деп аталды", - делінген хабарламада.
Сөздікті жасаушылар соңғы 12 айда "екі рет вакцина алған" және "гибрид жұмыс режимі" сияқты сөздермен қатар NFT де сәнге айналғанын айтты. Сондай-ақ, тізімге "климатқа алаңдау" деп аударуға болатын climate anxiety тіркесі де енгізілген.
Былтыр жыл сөзі "локдаун" болды - COVID-19 таралуын тоқтатуға бағытталған шектеу шаралары.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также