01 қараша 2021 15:15

Оксфорд сөздігі жыл сөзін анықтады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Оксфордтың ағылшын тілі сөздігі 2021 жылы жиі қолданған сөзді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйым сайтына сілтеме жасап.


Оксфордтың ағылшын тілі сөздігі 2021 жылы жиі қолданған сөзді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйым сайтына сілтеме жасап.

Жарияланған деректерге қарағанда, 2021 жылы жиі қолданған сөз - vax, яғни "вакцина" немесе "вакцинация".

2021 жылы COVID-19 індетіне байланысты вакцинаға қатысты сөздер қолданысы артқан, сондай-ақ double-vaxxed, unvaxxed және anti-vaxxer сөздерінің қолдану аясы кеңейген.

OED аға редакторы Фиона Макферсонның айтуынша, жыл сөзіне vax айқын таңдау болған, өйткені ол былтыр "аса ерекше назарда" болды.

"Ол кем дегенде 1980 жылдардан бастау алады, бірақ корпус бойынша ол биылға дейін сирек қолданылған. Бұған vaxxie, vax-a-thon, vaxinista деген сөздерді қоссақ, vax сөзі неге таңдалғаны айқын болады", - деді ол.

Оксфорд сөздігінде биыл таңдалған vax сөзі ағылшын тілінде алғаш рет 1799 жылы жазылған және vaccinate және vaccination алғаш рет 1800 жылы пайда болды.

Бұл сөздің бәрі сайып келгенде, "сиыр" дегенді білдіретін латынның vacca сөзінен шыққан. OED мәліметі бойынша, бұл ағылшын дәрігері және ғалымы Эдвард Дженнердің 1790-жылдардың аяғы мен 1800-жылдардың басында шешек ауруына қарсы вакцинация жұмысына байланысты шыққан.

Oxford Languages корпусы лексикографтардың іздеуі мен талдауы үшін 14,5 миллиардтан аса сөзді қамтиды деп мәлімдейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети