02 маусым 2022 08:24

30 елде маймыл шешегінің 550-ден аса жағдайы тіркелді - ДДСҰ

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлемде маймыл шешегінің 550-ден аса жағдайы тіркелгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның сайтына сілтеме жасап.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлемде маймыл шешегінің 550-ден аса жағдайы тіркелгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның сайтына сілтеме жасап.

ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус мемлекет халықтың кең топтарын бақылауды күшейту керек екенін айтты. Ол маймыл шешегіне шалдығушымен тығыз физикалық қарым-қатынаста болған кез келген адам оны жұқтыруы мүмкін екенін атап өтті.

"Қазіргі уақытта ДДСҰ-на 30 елден 550-ден аса расталған жағдай туралы ақпарат келіп түсті", - делінген хабарламада.

ДДСҰ жағдайдың дамып келе жатқанына сенімді және маймыл шешегінің әлі көп жағдайлары тіркеледі деп санайды.

Еске салайық, бұған дейін ДДСҰ маймыл шешегі ауруын талқылау үшін сарапшылардың төтенше жиналысын шақырған болатын. Сонымен қатар, ұйым өкілі Африкадан тыс жерлерде маймыл шешек вирусына қарсы жаппай вакцина алудың қажеті жоқ деп санайтынын жеткізген еді.

ДДСҰ мәліметінше, әлемде аурудың 200-ге жуық расталған жағдайы тіркелген, бірақ іс жүзінде олардың саны едәуір көп болуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети