27 тамыз 2020 09:53

51 адамды өлтірген аустралиялық атқыш өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Дәурен Ерболат Журналист
Скрин видео

2019 жылы Крайстчерчтегі мешітте адамдарға оқ атқан аустралиялық Брентон Таррант өмір бойы бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2019 жылы Крайстчерчтегі мешітте адамдарға оқ атқан аустралиялық Брентон Таррант өмір бойы бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

New Zealand Herald газетінің мәліметінше, сот Брентон Таррантты өмір бойына бас бостандығынан айыру және шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығын бермеу туралы үкім шығарған.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, басылымда Жаңа Зеландияда өмір бойына бас бостандығынан айырылған сотталушыға мерзімінен бұрын босату құқығы алғаш рет берілмей отырғаны жазылған.

Еске салайық, 2019 жылдың 15 наурызында Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы (Оңтүстік арал) екі мешітте атыс болып, салдарынан 51 адам қаза тауып, тағы 50 тұрғын түрлі дене жарақатын алған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram