Тәжікстанда натрий нитратынан уланған төрт жергілікті тұрғын қайтыс болды. Олардың барлығы у табылған жаңажылдық палаудан дәм татқан, - деп хабарлайды "Радио Свободы".
Тәжікстанда натрий нитратынан уланған төрт жергілікті тұрғын қайтыс болды. Олардың барлығы у табылған жаңажылдық палаудан дәм татқан, - деп хабарлайды "Радио Свободы".
Оқиға 30 желтоқсанда Худжанде елді мекенінде болған. Жергілікті тұрғындар мекенжайға жиналып, Жаңа жылдың алдында отырыс ұйымдастырған. Алайда палауға қалай екені белгісіз натрий нитратының тұзды түйіршіктері түскен. Төрт адам қаза тапты, сегіз адам ауруханаға түсті. Оның алтауы әлі де жатыр.
Қаза тапқандардың ағзасынан натрийлік селитра дозасы табылған. Оқиға орнында осы заттың құтысы табылған. Оның қазанға қалай түскенін болжап айту қиын, себебі 67 жастағы аспаздың өзі де қайтыс болды. Осы іске қатысты "Абайсызда адам өлтіру" бабы бойынша іс қозғалды.
Натрий нитраты тыңайтқыш ретінде, шыны өндіру, металл өңдеу саласында және кей кездері тамақтану өндірісінде қолданылады.