07 тамыз 2019 | 09:43

73 жылға сотталып, қыз болып қашқан қылмыскер өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото globo.com сайтынан Фото globo.com сайтынан

Бразилия түрмесінде бұған дейін әйел кейпінде абақтыдан қашуға тырысқан сотталушы өлі табылды, - деп хабарлайды РЕН ТВ.


Иконка комментария блок соц сети

Бразилия түрмесінде бұған дейін әйел кейпінде абақтыдан қашуға тырысқан сотталушы өлі табылды, - деп хабарлайды РЕН ТВ.

Өткен сенбіде сотталушы Клаувино да Силва өзінің 19 жастағы қызының киімімен түрмеден қашпақ болған сәтте оны күзетшілер ұстап алған болатын. Полиция қыз кейпіне енген сотталушыны "Жерисино" түрмесінен шығар кезде ұстаған.

Желіде тараған видеодан ер адамның өзінен резеңке маска, парик пен әйелдерге арналған киімді шешіп жатқанын көруге болады. Наркобаронға бұл заттарды түрмеге келген аяғы ауыр әйел беріп кеткен. Оны күзетшілер тексермеген екен. 

Осы оқиғадан соң ер адам Рио-де-Жанейродағы түрмеде өлі табылды. Әкімшілік ақпараты бойынша, қылмыскер асылып өлген. Енді сотталушының өліміне қатысты тексеріс басталды. 

Айта кетейік, 42 жастағы банда басшысы 73 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети